Петропавлда конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесіне қоғам бір адамдай атсалысып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында осы мәселе кеңінен талқыланды. Өңірде «Sarap» сараптама клубының аймақтық отырысы өтіп, оған үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер және қоғамдық даму институтының өкілдері қатысты. Олар маңызды мәселелер референдум арқылы шешімін табуы тиіс деп санайды.

Айта кету қажет, жалпы соңғы рет референдум елімізде 1995 жылы өткен болатын.  

Жангелді Тәжин, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Ата Заң дегенді халықтың өзі шешуге тиіс, оның баптарына өзгеріс енгізуге. Осыған дейін 98 баптың 33-і халықсыз жабық кабинеттерде өзгертілгені өте өкінішті. Бұл дегеніміз қазақ еліндегі, қазақ жеріндегі халықымыздың сонау заманнан келе жатқан демократиялық принцептерін бұзу деген сөз. Халық ғана шешеді. Бір ғана мысал жер мемлекеттікі деді. Ол қалай? Жер қашанда халықтікі болған. Мемлекет өзгеруі мүмкін. Бірақ жер халықтікі болып қалуы тиіс.