Референдумға қатысты мессенджерлердегі хабарламалар насихат болып саналады

Бұл туралы бүгін Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов мәлімдеді. Оның айтуынша, әр қазақстандық референдумға қатысты ойын білдіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ кейбір хабарламалар заңсыз болып танылуы мүмкін. Мәселен жалған аккаунттар мен каналдардағы насихаттық ақпаратқа  тыйым салынбақ. Мәтінде мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндіру, зорлық-зомбылық жасау, адамның нәсілі мен әлеуметтік жағдайына байланысты кемсіту сынды тақырыптарды қозғауға болмайды. Сондай-ақ маусымның 5-і күні сайлау учаскелерінде маска киіп, Ашық жүйесі енгізілмек. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың хабарлауынша, референдумдағы санитарлық шараларға қатысты бөлек қаулы шығарылады.

Қанат Ысқақов, ҚР АҚДМ ақпарат комитетінің төрағасы:

Қазақстандағы онлайн платформалар, Телеграм, сынды ақпарат тарататын мессенджерлер  бұқаралық ақпарат құралдарына теңестіріледі. Бұл БАҚ туралы заңда көрсетілген. Сол себепті олар референдум туралы мәліметтерді жариялауды ашық жүргізуге міндетті.