Қазақстандықтардың 66,4%-і референдумға қатысады

Ел арасында жүргізілген сауалнама бойынша отандастарымыздың 66,4%-і референдумға қатысады.

Бұл туралы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры мәлімдеді.

Еркін Тұқымовтың айтуынша, мамырдың 9-ы мен 12-сі аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілген. Барлық өңірден 1 мың 200 респондент қатысты. Заңға сәйкес халықтың жартысынан астамы қатысса, референдум өткен болып есептеледі. Жалпы аталған сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, тұрғындардың 70%-і аталған шараның өткізілетінінен хабардар. Ал 15,4%-і референдум өткізу идеясын қолдамайды. Қалған 8 пайызы әзірге нақты шешім қабылдамаған.