Есірткі затын заңсыз сақтаған шымкенттік тұрғын сотталды

Есірткі затын заңсыз сақтаған шымкенттік тұрғын сотталды

Шымкенттік тұрғын саябақтардың бірінде серуендеп жүріп, полиэтилен пакетіне оралған өзіне тән хош иісі бар, дәріге ұқсас зат тауып алады.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, азамат бұл затты тез арада полицияға өз еркімен өткізбестен, алдағы уақытта оны тұтыну немесе сату мақсатында өзіне қалдырған.

«Арада уақыт өте жолда белгісіз азаматтармен жанжалдасу барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы ажыратып, ерегіскен азаматтарды полиция басқармасына жеткізеді.

Ер адамдардың жеке басын анықтау барысында бірінен 32 дана полиэтилен пакетіне оралған өзіне тән хош иісі бар психотропты затқа ұқсайтын зат анықталып, тәркіленеді. Тиісті сараптама қорытындысымен қалташалардағы заттың салмағы 16 граммға жуық болатын психотропты зат пирролидиновалерофенон екені дәлелденді», – делінген мәліметте.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындаған. Аталған дерек бойынша ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары есірткіні немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, имеденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, Сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның «102» арнасына хабар беруіңізді сұрайды.