Елордада «Мерейлі отбасы» байқауына құжаттар қабылдап жатыр

Елордада «Мерейлі отбасы» байқауына құжаттар қабылдап жатыр
астана.гов

Осыған дейін байқауда жеңімпаз атанған отбасылар елорда тұрғындарын конкурсқа қатысуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24» елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біз «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 2021 жылы қатыстық. Нұр-Сұлтан қаласының іріктеуінен өттік. Елорда бойынша 1-орын алдық. Бұл конкурсқа қатысудағы мақсатымыз өзімізге өзіміз есеп беру үшін дер едім. Неше жылдан бері балаларымызға беріп жатқан тәрбиеміз, өмір жолымыздағы ұстанымдарымыз, жетістіктеріміз бар. Бұл конкурс бағымызды, бабымызды сынап көретін бір белес болды деп санаймын», – дейді Алма Сайлауқызы.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, әр отбасының ел дамуындағы маңызын көрсету. «Отан отбасынан басталады» дегендей, әрбір отбасы елімізде үлгілі бола алады.