Теміртау қаласында референдумда алғаш болып дауыс бергендерге сыйлық үлестіріледі

Теміртау қаласында 5 маусым күні өтетін референдумда алғаш болып дауыс берген белсенді тұрғындарға түрлі сыйлық үлестіріледі. Қазір барлық учаске саяси науқанды өткізуге дайын. Ал қалалық Мәслихаттың депутаттары референдумның маңызын, саяси салмағын жұртқа түсіндіріп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындай кезекті кездесу бүгін индустриалды университеттің қабырғасында өтті. Студенттер мен оқытушылар Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен оның халыққа берер пайдасы туралы жан-жақты мағлұмат алды.

Болатбек Әбдірәсілов, Қарағанды индустриалды университетінің ректоры:

Біріншіден Парламентті құру жүйесі өзгеріп жатыр. Бұрын мынау прапорционалды жүйемен тек қана партиялар қатысатын, қазіргі Парламентте бірнеше партияның ғана өкілдері бар. Ал енді жалпы өзгерістер халыққа тікелей сайлауға өзінің арасынан белсенділерді шығарып, сайлауға түсіріп, оларды Парламентке депутат болуына мүмкіндік беріп жатыр.