Педиатрия саласындағы қазақ-түрік ынтымақтастығы артады

Қазақстан мен Түркия арасында денсаулық саласында ынтымақтастық артады.

Осы орайда елордамыздағы №2 қалалық көп салалы балалар ауруханасы мен Түркияның Ажы-бадем ауруханасы стратегиялық ынтымақтастық туралы өзара мемарандумға қол қойды.

Келісімге сәйкес, медицинаның салалық мамандарының біліктілігі артады. Әсіресе балалар урологиясы, балалар ортопедиясы, балалар нейрохирургиясы секілді салаларға екпін берілмек. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджментті және басқаруды дамыту бойынша халықаралық тәжірибе алу арқылы оңтайландыру көзделген. Бұдан бөлек қазақстандық делегация әлемнің үздік орталықтарының қатарына кіретін симуляциялық орталықта болып, бірегей инновациялық технологиялар мен емдеу әдістерімен танысты. Сонымен қатар арнаулы салаларда үздік профессорларымен кездесулер ұйымдастырылды.

Гүлнар Кулушева, №2 қалалық көп салалы балалар аурухана директоры:

- Балалар жылы қарсаңында біз Түркия елімен осындағы әріптестерімізбен тығыз жұмыс жасап жатырмыз қазір. Халықаралық шеберлік өткіздік осыған дейін. Хирургия, балалар хирургиясы тақырыбында үлкен жұмыс жүргізілді. Осы жақтан, Түркия елінен біздің Қазақстанға дәрігерлер келіп, кішкентай біздің нәрестелерімізге отау жасады. Ол тек Нұр-Сұлтан қаласымен емес, жан- жақтан келген балалардың қандай да бір ақауы болса тауып, соған ота жасап көмектесті. Мұндай халықаралық іс-шаралар өзіміздің түрік әріптестерімізбен тәжірибе алмасу, негізгі мақсаты мұндай кездесулердің.

Илияс Бенминисте, Ажыбадем ауруханасы халықаралық байланыстар бөлігі басшысы:

- Бүгін денсаулық саласында маңызды келісімге қол қойдық. Мұндағы мақсат мамандар арасында өзара тәжірибе алмасу. Болашаққа ортақ жоспар құру. Көп салалы балалар ауруханасымен біраз уақыттан бері бірлесе жұмыс істеп келеміз. Түрік дәрігерлері Қазақстанға барып, тәжірибелерімен бөлісті. Енді қазақ дәрігерлерін Ыстамбұлға шақыру жоспарланып отыр.