Нышандарды насихаттау дәстүрге айналуы қажет – ғалымдар  

«Мемлекеттік рәміздер және жаңа Қазақстанның елшілдік әлеуеті». Еуразия ұлттық университетінде осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында тарихи таңбалардың терең зерттелетіні айтылды. Сондай-ақ нышандар мен таңбаларды зерттейтін «Қазақ геральдикасы» кітабы жарыққа шықты. Отандық ғалымдар ғұн заманынан бергі тасқа қашалған тарихи таңбаларға да үлкен мән беріп отырғанын айтады. Дәл осы геральдика ғылымы символдардың құпиясын ашуға көмектеседі. Ғалымдар «Нышандарды насихаттау дәстүрге айналуы қажет, – дейді.

Жандарбек Мәлібеков, елтаңба авторы:

Елтаңба арқылы біздің Қазақстанды дүние жүзі таниды. Өйткені біздің паспортта да, құжаттарымызда да елтаңба бар. Сондықтан әлемге Қазақстан деген бейбітсүйгіш ел ретінде танымал.

Асылбек Байжұмаұлы, геральдикалық зерттеу орталығының директоры:

– Соңғы 3-4 ай бойы біздің көрме қызметкерлері мен Қаржаубай Сартқожаұлы сынды ғалымдармен бірлесіп, қазақ геральдикасы кітабын жазып шықтық. Мұндағы басты мақсатсатымыз – тарихтағы таңбаларды сөйлету. Яғни оны болашақ ұрпаққа жеткізу. Бұның ішінде біздің сонау ғұн заманынан бергі тасқа қашалған тарихи таңбалар мен өңірлік таңбалардың зерттеуі қамтылған.