Оқытушылар Қарағанды мен Ұлытау арасында 700 шақырым жерді жүгіріп өтті

Оқытушылар Қарағанды мен Ұлытау арасында 700 шақырым жерді жүгіріп өтті

Евней Бөкетов университетінің оқытушылары Қарағанды мен Ұлытау арасындағы 700 шақырымды жүгіріп өтті.

Олар эстафеталық ультрамарафонды Ұлытаудың облыс болуына орай ұйымдастырды. Оқытушылар топқа бөлініп, түрлі қашықтыққа жүгірген. Екі облыс арасындағы бұл марафон Ұлытаудағы музейдің алдында өз мәресіне жетті. Желаяқ ұстаздар мұнымен тоқтап қалмақ емес, келесі жылы Түркістанға қарай жолға шықпақ. 

Марат Бөдеев,  Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің кафедра меңгерушісі:

- Мақсатымызға жеттік деп ойлаймын міне барлығы аман-есен, барлығы сау жетіп жатырмыз. Алдағы межелі жоспарымыз қасиетті Түркістан жері есептеуіміз бойынша 1200 шақырым.