БҚО-да прокурорлар 14 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғап шықты

Мемлекеттік органдар 420 кәсіпкерді негізсіз сотқа сүйреген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бизнес жүргізуге кедергі келтіріп, материалдық шығынға ұшыратқан. Соңғы 1 жарым жылда ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қорытындыларымен кәсіпкерлерге қатысты 41 іс қозғалды. Соның 63 проценті заңсыз болып шықты. Кәсіпкер құқығын шектеуден монополист кәсіпорындар да қалыспайды. Мысалы, «ҚазТрансГаз Аймақ» қоғамының облыстық филиалы газды бөлшек саудада өткізу шарттарына негізсіз талаптар енгізген. Мәселен, кәсіпкерлерді күн сайын нақты алынған газ көлемі туралы ақпарат беруге міндеттеген. Ал ережеге сай бұл жұмыспен кәсіпорынның бақылаушылары айналысуы тиіс. Осы және өзге де мәселелер «Бизнесті бірге қолдаймыз» тақырыбында өткен форумды айтылды.  

Мәди Сәрпеков, облыс прокурорының орынбасары:

– Бизнесті тексерудің 70 проценті санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің және ТЖ қызметінің тексерулеріне келеді. Осы тексерулерді талдау барысында бізбен қалалық санитарлық қызметінің бір кәсіпорынға бір жылдың ішінде 13 рет әр түрлі негіздер бойынша кіргені анықталды. Осындай тексерулер жылына тек бір-ақ рет болуы керек.