Шымкентте астыртын алкоголь өндіріп келгендер ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі осы Шымкентте астыртын арақ-шарап өндіріп келген цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тінту кезінде 3 мың бөтелкеге жуық контрафактілік алкоголь өнімі тәркіленді. Цех иесіне сот үкімімен 1 531 500 теңге айыппұл салынды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Сондай-ақ 1000 литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 000-нан астам бос бөтелкелер табылып, тәркіленді. Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылуға жатады.