Мемлекеттік қызметші мәртебесі қалай қорғалып жүр?

Қазақстанда 80 мыңнан астам мемлекеттік қызметші кеше кәсіби мерекесін атап өтті. Араларында былтыр халық сайлаған ауыл, аудан әкімдері де бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын шенеунік болмаған әкімдер мемлекеттік қызмет дайындығынан қалай өтеді?  Күн тәртібінің екінші сағатын осы тақырыпқа арнаймыз. Студия қонағы  –  Темірлан Қайратұлы Жаужүрек, «Аmanat» партиясына қарасты Саяси менеджмент академиясының консультанты.