Ел аймақтарында әйелдер мен қыздарға арналған оқыту іс-шаралары жанданады – Балаева

Нәзік жандылар үшін семинар-тренинг, шеберлік сабақтары белсенді жүргізіледі. Шілде айында басталатын бұл жоба еліміздің саяси және қоғамдық өміріндегі әйелдердің рөлін күшейтуге негіз болмақ. Елордада Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, оның жаңартылған жұмыс жоспары бекітілді. Жиынға қатысушылар орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесінде әйел басшылардың әлеуетін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы жобаны БҰҰ-ның әйелдер құрылымымен бірлесіп іске асыру көзделген. Комиссия төрағасы Аида Балаева негізгі басымдық – адамгершілік-отбасылық құндылықтарды нығайту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту міндеттері екенін айтты. Сондай-ақ, еліміздегі гендерлік саясат пен барлығына тең мүмкіндік беруге арналған реформаны әрі қарай тиімді іске асырудың маңызына тоқталды.

Аида Балаева, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары:

- Бұл тақырып біз үшін қашанда ерекше назарда болуы тиіс. Сондықтан да бүгінгі отырысымыздың алғашы сұрағы осы мәселеге арналып отыр. Жас ұрпақты рухани құндылықтардың негізінде тәрбиелеу бұл заман талабы. Себебі, ертең қандай қоғам құратынымыз бүгінгі балалардың тәрбиесіне байланысты.

Сондай-ақ...