Павлодар облысында түзету мекемелерінде камера саны екі жарым мыңға жетеді

Ертіс өңіріндегі түзету мекемелерінде бейнабақылау камерасы көбейеді. Бұған дейін аймақтағы бес колонияда 718 камера болса, енді олардың саны 2 жарым мыңға жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша мекеме ішіндегі тәртіп жіті бақылауда болмақ. Себебі түрмеге тыйым салынған заттарды өткізу дерегі азаймай тұр.

Ержан Досымжанов, облыстық Прокуратура басқармасының басшысы:

- Биыл түзету мекемелеріндегі электрондық терминалдардың саны артты. Енді жазаларын өтеушілердың шағым-өтініштері 12 терминалда қабылданады. Олар колония әкімшілігін мазаламай-ақ құзырлы органдарға бейнехабарландыру да жібере алады.