Қызылорда мен Маңғыстауда қуаңшылық болуы мүмкін

Шілдеде Қызылорда мен Маңғыстау өңірлерінде қуаңшылық болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бұл аймақтарда жауын-шашын мүлдем аз түседі. Әсіресе, құрғақшылық Қармақшы және Қарақия елдімекендерінде байқалады. Қалған өңірде ылғал көлемі нормаға сай болғанымен, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Абай облыстарының кейбір аумағында жаңбыр тапшылығы сезіледі.