Қарағанды облысында шина зауыты іске қосылады

Сарандағы шина зауыты Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерін көлік бөлшектерімен қамтамасыз ете алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпорын жыл соңында іске қосылады деп жоспарланған. Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов зауыт құрылысымен танысты. Сондай-ақ Премьер-министр Saran индустриялық аймағының инфрақұрылымын дамыту жоспарын көрді. «Әлеуеті жоғары жаңа жоба жергілікті халық үшін маңызды. Әрі олар моноқалаларда өмір сүру сапасын өзгертеді», –  деді Әлихан Смайылов.