Павлодарда саяжайдағы жүздеген үйді сүріп тастауы мүмкін

«Саяжай шаруашылығының орнында мектеп пен балабақша салынбақ. Ол үшін жеке тұрғын үйлерді сүруіміз керек». Павлодар қаласының билік иелері осылай дейді. Бір қызығы, кезінде сол жауапты мамандар көлемі 70 гектар болатын саяжайдың иелеріне баспана рәсімдеуге өздері рұқсат берген. Кейін шешімдерін өзгертті. 30 жыл бойы тер төгіп, үй салған халықтың ендігі күні не болмақ?

Анна Шевцова алты сотық жердегі тұрғын үйін 11 жылдан бері тұрғызып келеді. Екі қабатты баспананы салуға миллиондаған қаржы жұмсаған. Алма ағаштары, әсем гүл мен көкөністерді өз қолымен отырғызып, баптаған. Енді саяжай аумағындағы бағбандар күндіз күлкіден, түнді ұйқыдан айырылды.

Анна Шевцова, қала тұрғыны:

- Егер үйлер сүрілсе, күніміз не болмақ? Көршілерім 30 жыл бұрын жер алып, үй тұрғызды. Баспанамызды алып қойса, біз далада қаламыз ғой.

- Без Иртыша жизни для нас нет, мы здесь даем кислород, мы живем здесь... 

Осы жерде мыңнан астам учаске бар. Бүгінгі күнге дейін 900-ге жуық саяжай учаскесі жеке тұрғын үйлерге ауыстырылған. Шенеуніктер өздері рұқсат берген. Ал қалған азаматтар көшке ілесе алмай, саяжайларын үй ретінде рәсімдеуге үлгермепті. Себебі, әкімдік өкілдері бағбаншылық сүріліп, әлеуметтік мекемелер салынады деп айтқан. 

Абылайхан Тілеубаев, қала тұрғыны:

– Үйімді, бес сотығымды енді қазір алып. Мен қайда барамын онда? Мен 50 жыл қызмет істедім. Семей қаласынан келіп, Павлодар өңіріне сіңіп, осы жерде. Осы жерге келіп, осы жердің денсаулығын көтеремін деп. Өзім дәрігермен, әйелім дәрігер, ұлым дәрігер. Біз әкімді  өтіп, президентке хат жазуға дайынбыз. 

– Мы здесь ничего планировать не будем пока....

Шенеуніктер тұрғындармен кездесіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді. Десе де, учаске иелерінің көңілдері күпті. Екі жыл бұрын қоғамдық тыңдауларда жоспар әзірленіп, осы жерде 140 орындық балабақша мен 600 орындық мектеп бой көтеріледі деген шешім қабылданған. Тұрғындардың айтуынша, жиында тек коммуналдық инфрақұрылым тартылады деген әңгіме қозғалған.

Қайыргелді Бексейітов, қалалық сәулет бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Мектеп пен балабақша құрылысына төрт гектар жер керек. Бұл саяжай массивінің алты проценті. Десе де, әзірге жобалық-сметалық құжат жоқ. Оған қоса бұл алдағы 10 жылға жоспарланған. Әлеуметтік нысандар қажет пе, жоқ па, ол туралы нақты есеп жоқ.

Павлодар қаласының бас жоспары бойынша білім беру нысандарын салуға 50 саяжай учаскесі қажет. Қазіргі уақытта не сараптама, не тиісті құжаттар жоқ. Сүрілуі тиіс үйлердің орнына берілетін өтемақы көлемі де белгілебеген. Бірақ, қала әкімінің қаулысы шығып қойған. Сондықтан мамандардың айтуынша, нақты шешімді комиссия қабылдайды.

Ақмарал Есімханова, Жеңіс Темірболат, Марат Игіліков