Еркін Әбіл кеңейтілген отырыста көтерілген мәселелерге қатысты екі бағытты атап өтті

   Бүгін  жиында президент экономика көлемі өсіп, нақты сектордың ілгерілегенін атап өтті. Дегенмен соған қарамастан инфляция көрсеткішінің ұлғайып бара жатқанын айтты. Осы ретте арнамызға арнайы келген

Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл пікір білдірді.

Еркін Әбіл, Мемлекет тарихы институтының директоры:

- Менің ойымша, біріншіден стратегиялық мәселелерді шешу керек. Барлығы өз-өзінен шешіледі деп күтіп отырмау керек. Оны жыл сайын туындамайтын бір шешімге келуге болады ғой. Басқа елдер оны шешіп жатыр ғой.  Осы жерде олардың тәжірибесін білу керек. Екіншіден, жеке-жеке өте маңызды әлеуметтік мәселелер бар. Соларды шешіп тұру керек.