«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Ақмола облысында тегін спортзал ашылды

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Ақмола облысында тегін спортзал ашылды

Тасты ауылында «Қазақстан халқына» және «Батыр боламын» қорларының қолдауымен тегін спортзал ашылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан былай жергілікті жастар мектеп қабырғасында бокс, дзюдо, қазақша күрес, садақ ату және үстел теннисі спортымен ақысыз шұғылдана алады. Бүгін нысанның ашылу рәсіміне белгілі спортшылар қатысып, жас өрендерге салауатты өмір салтын насихаттады.

Айта кеткен жөн, жертөле аумағын жаңғырту жұмыстарына 5 млн теңге және арнайы құрылғыларды сатып алуға 12 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Ал осы айдың соңына дейін ауылда шағын футболға арналған жасыл алаң пайдалануға беріледі.

Арман Уахап, «Batyr bolamyn» қоғамдық қорының президенті:

Мақсатымыз – ауылдық балалар бос уақыттарын спортзалда өткізуі керек. Жаман әдеттерге барғанша қазіргі таңда спортзал айналасында жүрген мақсат көріп отырмыз. Соған жетуге жұмыс істеп жатырмыз. «Қазақстан халқына» қорына алғысымызды айтамыз.

Қазіргі таңда ел бойынша 13 тегін спортзал ашылды. Мыңнан астам бала спорт секцияларына қатысып, дене шынықтыру мүмкіндігіне ие. Жыл соңына дейін тағы 24-і пайда болады. 2023 жылы 100 зал, ал 2025 жылы елді мекендерде барлығы мың спортзал ашу жоспарланып отыр.