Коронавирустан емделіп жатқан науқастардың дені балалар – Алматы облысы

Коронавирустан емделіп жатқан науқастардың дені балалар – Алматы облысы

Алматының инфекциялық стационарларында коронавирустан емделіп жатқан науқастардың басым бөлігі балалар. Бұл туралы Изатима Жекенова атындағы жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Өтегенова мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мұндағы 140 пациенттің 82-сі балалар екен. Емдеу хаттамасында ешқандай өзгеріс жоқ. Ал Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше бір тәулік ішінде 800-ден астам адам вакцина алған. Тағы екі мыңға жуық алматылық ревакцинация жасатқан. Қала әзірге сары аймақта. Дегенмен қауіпсіздік шаралары қатаң бақыланады. 13 шілде күнгі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 350 жаңа жағдайы тіркелген. 2 155 адам дәрігерлердің бақылауында. Қаланың медициналық ұйымдарында 85 вакцинация пункті жұмыс істесе, 99 вакцинация бригадасында 313 қызметкер жұмылдырылған.

Тамара Өтегенова, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Егер қандай да бір жағдай болып, аурулар саны өсіп жататын болса, бізде дәрі-дәрмек саны, медициналық басқа да құрал-жабдық саны да, төсек орындары да және дайындалған кадрлар саны да жеткілікті.