Елде коммуналдық қызмет бағасы қымбаттайды

Екінші жартыжылдықта тарифтер 10%-ке өсуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов осылай деді. Бұған дейін тұрғындар үшін коммуналдық қызмет құнын көтермеуге бағытталған мораторий мерзімі аяқталды. Вице-министр коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне жол берілмейтінін айтты. Әр аймақта қаржының мақсатты пайдалануына бақылау жүргізілмек.