Алматыда қайырымдылық шара қорытындыланды

Игі іске еліміздің қарапайым азаматтары атсалысты. Атап айтқанда, 26 мамырдан бастап бір ай ішінде Технодом дүкендерінен Xiaomi телефондарын сатып алғандардың барлығы «Аутизмді жеңеміз!» қайрымдылық шарасының қатысушысы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Іс-шараны қорытындылаған ұйымдастырушылар қомақты қаражатпен бірге балаларға сыйлық үлестірді.

Вячеслав Климентьев, «Технодом» компаниясының басқарма басшысы:

 – Қайырымдылық шараға қатысқан барлық қазақстандықтарға алғыс айтамыз. Шара аясында әр сатылған телефоннан 500 теңге қайырымдылық қорына аударылды. Жиналған қаражатқа балаларға қажетті спорттық жабдықтар сатып алынбақ.

Дамуында ерекшелігі бар балалар үшін спорт ең басты ем, - дейді мамандар. Үздіксіз, тұрақты жаттыққанда ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Балалар аутизмнен құлан-таза айығып кетпесе де, әлеуметтік ортаға бейімделіп, дағдылары қалыптасады. Бұл – ата-ана үшін де, бала үшін үлкен жеңіс.

Мәдина Кенжеғұлова, «Аутизмді жеңеміз» жобасының психологы:

- Ата-аналар атынан, мамандар атынан Технодом компаниясына, Xiaomi компаниясына үлкен рақметімізді айтамыз. Өйткені балалардың күнделікті жұмыс жасап, өсіп, дамуына спорт бізге үлкен үлкен скл: мүмкіндік береді. Сол үшін үлкен рақмет айтамыз.

Аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталықта қазір 2 жас пен 16 жас аралығындағы 160 бала білікті мамандардың бақылауында. Табанды еңбектің нәтижесі де жоқ емес. Ең бастысы, аутизм қармағынан шығару үшін балалармен үздіксіз айналысу керек, - дейді мамандар. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев