Ақтауда көпфункционалды қонақ үй кешені салынады

Ақтауда көпфункционалды қонақ үй кешені салынады

Жоба 170 млрд теңге инвестиция тартып, 4000-ға жуық жұмыс орнын ашуға, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы туристік ағынды 850 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Жиында атылмыш жобаны жеделдетуді және құрылысы басталған барлық объектілерді аяқтау үшін «Қазақстанның даму банкінен» несие бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ Қызылордада кальцийленген сода өндіру зауытын салу мәселесі де қаралды. Бұл жоба шамамен 140 млрд теңге инвестиция тартып, 700-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға және жылына 300 мың тонна өнім есебінен импортты алмастыруға мүмкіндік береді.