Қазақстанда 16 мың шетел азаматы жұмыс істейді

Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағына нәпақа табуға келгендер әр салада қызмет етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 766 жұмыс беруші бар. Оларда 397 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%. Ал еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай, Түркия, Үндістан, Өзбекстан және Ұлыбритания. Айта кетерлігі, жауапты министрлік шетел жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560-қа дейін, яғни 4 792 адамға қысқартты.

Жұмыс істейді -16 061 шетел азаматы

Жұмыс беруші-1 766 адам

Қытай – 3 587 адам

Түркия – 1 820 адам

Үндістан – 1 691 адам

Өзбекстан – 1 563 адам

Ұлыбритания – 1 123 адам.