Жалған генерал бұрын сотталған адамды пара беруге итермелеген

Жалған генерал бұрын сотталған адамды пара беруге итермелеген
jana-kezen.kz

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін әскери генерал деп таныстырған А.Әмрин жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды.

«Бұрын сотталған тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады», – делінген мәліметте.