Қазақстандықтардың барлық анализдері «e-Gov»-та болады

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруда ақаулар бар. Бірақ жалпы ақпараттық жүйелер жаман емес.

Елордадағы медициналық мекемелерді аралаған Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин осылай деді. Платформалар жұмысын тексерген министр бірқатар кемшіліктерді байқап, жүйені жетілдіру керектігіне тоқталды. Бағдат Мусин ақпараттық жүйелер арасында интеграция жүргізу керек дейді. Жалпы Денсаулық сақтау министрлігіне бағынысты мекемелердің ішінде 47 ақпарарттық жүйе бар. Ол мемлекеттік ақпараттық жүйелер. Цифрлық даму министрлігі соның ішінде керек керек емесін іріктеп, екеуін ғана қалдырмақ.

Мусиннің айтуынша, бұған 1,5 жылдай уақыт кетеді. Сондай-ақ алдағы уақытта қазақстандықтардың барлық анализдері егов-тың ішінде болады.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Егов денсаулық деген болады. Сол егов денсаулық дегеннің ішінде барлық адамның тапсырылған анализдері болады. Бұл бірінші. Екіншісі рецепттері болады. Қандай дәрі жазды дәрігер, соны түгел егов денсаулық деген модуль болады егов мобайлдың ішінде барлық медициналық жүйемен қарым-қатынас соның ішшіне жазылып тұрады.