904 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

904 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Биылғы 6 айда 904 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бұл жер телімдері мақсатты пайдаланылмаған немесе кезінде заңсыз берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін тағы 5 млн га жерді қайтару жоспарланып отыр. Мемлекет пайдасына қайтарылған жер телімдері одан әрі жергілікті атқарушы органдар арқылы аграрлық сектор өкілдеріне пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, елде лайықты пайдаланылмайтын және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай қайтару жұмыстары жалғасуда.