Орталық Азияда аптап ыстық қалыпты жағдай болады

Орталық Азияда температура күн өткен сайын жоғарылап жатыр. Тәжікстан соңғы 80 жылда болмаған аптап ыстыққа тап болды.

Кейбір аймақта сынап бағанасы 43 градусқа жеткен. Экологтар бұл өзгерісті ғаламдық жылынумен байланыстырады. Осыған ұқсас жағдай Қырғызстанда да тіркелді. Билік ахуалды бақылауда ұстап отырмыз, дәрігерге ешкім хабарласқан жоқ деп мәлімдеді. Маусым Өзбекстан халқы үшін де жайсыздау болды. Температура 47 градусты көрсеткен. Мыңнан астам адам ауруханаға түсті. Сондай-ақ электр қуатын тұтыну көрсеткіші артқан. Ал біздің елде 45 градусқа дейін күн ысып, соңғы 30 жылда болмаған аптап орнады. "Қазгидромет" осы айда 5 аймақта құрғақшылық болады деп ескертті. Сарапшылар Орталық Азия үшін осындай күн райы қалыпқа айналады дейді.