Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын егетін жер жетіспейді

Ауыл халқын жайылым жерлердің жоқтығы да алаңдатып отыр. Сондай-ақ елді мекендер мен мен қаладағы  әлеуметтік нысандардың  материалдық-техникалық базасының айырмашылығы жер мен көктей. Жергілікті жерлерде дәрігерлерлер мен мұғалімдер тапшы. Бұл бағытта «Дипломмен ауылға» бағдарламасы өз нәтижесін бермеген. Осы аталған мәселелерді тұрғындар Сенат депутаты  Жанболат Жөргенбаевқа жеткізді,

деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосу Қонаев қаласында өтті. 

Жанболат Жөргенбаев, ҚР Парламенті Cенатының депутаты:

- Сонымен қатар мына ветерания  саласында да көп сұрақтар туындап жатыр. Біздің ауылшаруашылық  мамандарын оқытатын ЖОО  ауыл балаларына квота беру мәселесі де  көтеріліп жатыр көп жерлерде. Өйткені оны да қарауымыз керек деп ойлаймын. Ауыз су мәселесі көп жерлерде.  Кейінгі кездері мектептер салынып жатыр, бала бақшалар да бар  бірақ та әлі де шешім табатын мәселер көп.

Сенат депутатының кездесуі  жалғасады. Жанболат Жөргенбаев бұдан кейін Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында кездесулер өткізеді. Ол осыған дейін Жетісу өңірін аралап, ол жақтағы жұртшылықтың талап тілегін тыңдап  қайтқан еді.