Былтыр елімізді аралаған турист саны рекордтық көрсеткішке жетті

Былтыр елімізді аралаған турист саны рекордтық көрсеткішке жетті

Бірақ көп саяхатшының жол бойында көрсетілетін қызмет сапасы мен бағасына көңілі толмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, өңірдегі дәретханалардың күйі тіпті нашар.

Ернұр Кенжебеков, «Kazakh tourism» ҰК баспасөз хатшысы:

- Өзекті болып табылатын мәселе ол санитарлық қорпатар мәселесі. Курорттық аймақтар солар тапшы болады. Туристік ағын кәсіпкерлерге сигнал ретінде болды. Олар қызығушылық бар жерлерде жаңадан нысандар ашуда.

Қалыптасқан ахуалды реттеу үшін  қызмет көрсетудің бұл түрі бизнеске жүктелмек. Ол үшін кәсіпкерлермен арнайы келісім жасалады.

Ләззат Стамғазиева, «Қазавтожол» ҰК ресми өкілі:

- Осы модульдік павильонды күтіп ұстау, оның ішіндегі әжетханаларды күтіп ұстау мәселесімен шағын және орта бизнес өкілі тікелей айналысады. Күніне 2 рет патрульдеу өтеді. 2 рет жуып шайып отырады. Осы жерден көретін табыс кәсіпкердің өзінде қала береді.

Осындай кәсіпкердің бірі- Дәулен Қалиұлы. Ол мал шаруашылығында 40 жылдан астам  жұмыс істеп жүр. Бұрыннан бері отандық және шетелдік туристер арасында қазақ халқының ұлттық  тағамдарын насихаттағысы келген бизнесмен тиісті шарт жасалды. Енді ол  Нұр-Сұлтан-Щучье тас жолының бойында осындай демалыс орнын ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Келісімге сай кәсіпкерге тегін жер берілді. Бірақ ол мұнда кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, өз есебінен қоғамдық дәретхана салып, оның тазалығын бақылауға міндетті.

Дәулен Қалиұлы, кәсіпкер:

- Осы жерде жер бөліп, біз тегін пайдаланытн туалет соғып бердік. 6 орындық, бір орын мүгедек адамдарға. 3-і әйелдерге. 2- і ерлерге. Жағдайы жақсы. тап-таза болып тұрады.

Ал, дәл қазір жол бойындағы көрсетілетін қызметтердің 68 проценті ғана стандартқа сай келеді. 3 жылдан кейін бұл көрсеткішті 100 процентке дейін жеткізу жоспарда бар.

Арман Көшев, ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы:

- Әлі күнге дейін республика бойынша 50-ден астам ескі дәретхана бар. Әзірге біз оларды алып тастай алмаймыз. Ол үшін біз алдымен жаңаларын салып бітіруіміз керек. 2025 жылдың соңына дейін тасжолдардың бойында 300 жылы дәретхана орнатпақпыз.

Кәсіпкерлердің қызығушылығын арттыру үшін жауапты ведомство жол бойында дәретхана салғандарға 10 проценттік субсидия береді. Оның сомасы шамамен 85 мың теңгеге тең. Ал турист саны аз аймақтарда бұл соманы одан да көбейту көзделген.

Авторлары: Дариға Ташенова, Аят Дүйсенбаев