Павлодарда үш жасар баланы ұрып соғу дерегі тексеріліп жатыр

Павлодарда үш жасар баланы ұрып соғу фактісін полиция тіркеуге алды.

Құқық қорғаушылар оқиғаның жай-жапсарын анықтайды. Қазір бейнебақылау камераларынан алынған материал зерттелуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сараптама нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады. 

Еске салай кетейік, №4  балабақшада тәрбиешінің көмекшісі бүлдіршінде соққының астына алған. Баланың денесіндегі көгерген іздерді байқаған анасы полицияға шағым түсірді. Балабақша қызметкерінің  шектен тыс  әрекеті  бейнекамераға түсіп қалған екен. Білім беру басқармасы көмекшінің жұмыстан қуылғанын айтты. Ал мектепке дейінгі мекеме басшысының міндетін атқарушы тұлғаға қатаң ескерту беріліпті.