Үкімет отырысында 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мәлім болды

Үкімет отырысында 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мәлім болды

Биыл жалпы ішкі өнім өсімі 3,3 процентке жетті. Ал нақты сектордағы өсім – 3,4 процент, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік – 2,5 процентке дейін ұлғайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылыс, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі салалары оң өсім көрсетті. Сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 4,5%-ке жетті. Бұл Үкімет отырысында белгілі болды.