Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезіне дайындық қалай

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезіне дайындық қалай

Қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезінде көтерілетін тақырыптар қашанда өзекті. Биыл оның өту барысы қалай болмақ. Бұл туралы арна тілшілері ізденді, 

деп хабарлайды «Хабар 24».

VII съездің секциялық отырыстарында «Қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы діндердің рөлі», «Діни лидерлер мен саясаткерлердің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге, әсіресе діни негізде қарсы тұруға қосқан үлесі» секілді бірқатар мәселелер талқыланады. «Әйелдердің қоғамның тұрақты дамуына қосқан үлесі де» қамтылады. «Осындай игі іс-шаралар арқылы қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады», – дейді дінтанушы Қайрат Құрманбаев.

Қайрат Құрманбаев, Қазақстан дінтанушылар конгресінің төрағасы:

– Өзіндік декларациялар қабылданып жатады бұндай жиындар соңынан. Бұл өз кезегінде көпконфессиялы, көп этностар шоғырланған қазақ елінде, Қазақстанда тұрақтылықты, қоғам тұрақтылығын, тыныштығын, ауызбіршілігін қамтамасыз етуде үлкен септігін тигізетіндігі сөссіз