Елімізде жем-шөп қорының 87% жиналды

Елімізде жем-шөп қорының 87% жиналды

Мал азығын сатып алу үшін азық-түлік корпорациясына биыл 20 миллиард теңге бөлінді.

Есесіне корпорация мал және құс өсіретін шаруашылықтарға 130,5 мың тонна жемдік астық сатты. Бағасы базардан 30 процентке арзан болды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Оның айтуынша, министрлік өңір әкімдерімен бірлесіп, мал азығын дайындау ісін жетілдіру бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын әзірлеген. Сондай-ақ жем-шөп өсіретін егіс алқабы биыл 3,2 миллион гектардан 3,7 миллион гектарға дейін ұлғайтылды. Оның үстіне биыл ауа райы қолайлы болды. Соның нәтижесінде жем-шөп қорының 87 проценті жиналған.