Елордада медицина қызметкерлері марапатталды

Елордалық дәрігерлерге Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы медалі табысталды. Мерекелік мезірет конституция күніне орай №2 көпбейінді балалар ауруханасының қызметкерлеріне көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала серкелері жиналған шарада түрлі деңгейдегі алғыс хаттар да берілді. Одан бөлек, «Мектепке жол» акциясы аясында аурухана қызметкерлерінің балаларына кеңсе тауарлары салынған рюкзактар таратылды. Сыйлық көпбалалы жалғызбасты аналарға берілді.

Шахим Насибов, Франциялық CIPDH штаб-пәтері қазақстандағы өкілдігінің директоры:

- Мереке қарсаңында дәрігерлерге алғысымызды білдуді жөн көрдік. Бізге меценаттар мен демеушілер де қолғабыс көрсетті. Осының арқасында көпбалалы аналарды да құттықтауға мүмкіндік туды. Бл кісілердің еңбегі ерен. Кез келген құрметке лайық.

Бағлан Қалменбаева, аурухананың аға мейіргері:

- 37 жыл болды жұмыс істегеніме. Бүгінгі күн ерекше. Мереке алдында осылай келіп, медаль тапсырып жатыр. Қолдағаны үшін көп рақмет. Еңбегімізді бағалағандарына көптен көп рақмет.