Петропавлда тұрғындар 470 млн теңге қарыз

Петропавлда тұрғындар 470 млн теңге қарыз

Бұл үйдің шатыры мен кіреберістері жаңғырту бағдарламасы бойынша 2015 жылы жөнделген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған кеткен 40 млн.теңге әр пәтерге бөлініп, тұрғындарға несие ретінде берілді. Бірақ кейбір адамдар қарыздан құтылуға құлық танытпай отыр.   

Бұл үйде 100 пәтер бар. Қазір тұрғындардың жартысына жуығы мемлекетке 3 млн. 600 мың теңге қарыз. Көбі ақша жоқ дейді. Бірақ кейбір адамдар әдейі төлемей отырған сияқты.

Татьяна Хрипунова, ПИК төрайымы:

-Міне, пәтерін жөндеп жатыр. Ал, қарызын төлеуге ақшасы жетпейді. Ескерту қағазын бірнеше рет жібердік. Енді сотқа беру керек. Айта – айта шаршадық.

Биыл бұл бағдарламаның басталғанына 10 жыл болды. Осы уақыт аралығында қаладағы 176 көпқабатты үй жөнделді. Енді әкімдік қордаланып қалған қарызды сот арқылы қайтаруға мәжбүр.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

-Үш жылдың ішінде 350 – ден астам сотқа арыз түсірген болатын. Соның – соның негізінде 33 млн. теңге өндіріліп алынды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша қаладағы 19 көпқабатты тұрғын үй жөнделеді. Бұл мақсатқа ел қасынасынан 1,1 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев