Еліміздің әскерилері VIII халықаралық армия ойындарында үздік нәтиже көрсетті

Еліміздің әскерилері VIII халықаралық армия ойындарында үздік нәтиже көрсетті

Қазақстан құрамасы халықаралық армия ойындарында 4 алтын, бір күміс еншілеп, командалық есеп бойынша үшінші орынды еншіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайыста сарбаздарымыз «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Тактикалық мерген», «Бейбітшілік додасы» және «Меридиан» байқауларында қарсылас шақ келтірмеді. Ал әскери теңізшілер болса, Әзербайжанда өткен «Теңіз кубогының» күміс жүлдесін алды. Жалпы VIII халықаралық армия ойындары 12 елдің 30 полигонында өтті. Қазақстандық әскерилер жеті байқауда бағын сынады олардың үшеуі ел аумағында болды. Жалпы командалық есеп бойынша көш басында Ресей тұр. Екінші орын Өзбекстан сарбаздарының еншісінде.