Риддерде жаңа мектеп ашылды

Риддерде жаңа мектеп ашылды

Риддерде жоқ дегенде жарты ғасырлық тарихы бар білім ошағы көп. Дегенмен солардың ішіндегі ең ескісі мына №9 мектеп.Осыдан 84 жыл бұрын салынған.

Апатты жағдайда деп айтуға келмейді. Бірақ заман талабына сай келмейді.  Мәселен мұғалімдер бұрынғы пән кабинетін спорт  залға айналдырып, амалдауға мәжбүр.

Спорт залдың терезесі де қоршалмаған. Аядай жерде футбол да, волейболды да еркін ойнау мүмкін емес. Мұндағы өзге кабинеттер де бір емес бірнеше мақсатта қолданылады.

Сергей Афанасьев, мектептің шаруашылық меңгерушісі:

- Міне, мынау кәдімгі оқушылар сыныбы.Бұл жерді біз қажет болғанда жиналыс өткізетін орынға айналдырамыз.Мына партаның барлығын дәлізге тасимыз.

Надежда Афанасьева мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі. Талапшыл әрі шебер  педагог. Өз қолынан көрнекіліктер жасап, бүлдіршіндерді баурап алады.Алайда отырған жеріне балалары да,керекті құралдары да әрең сыяды.

Надежда Афанасьева, даярлық сыныбының  тәрбиешісі:

- Мысалы үшін ән сабағы болған кезде мына жерде қарбалас болып кетеді.Парталарды алып, алаңды ашуым керек қой. Оны әзірлеп біткенше қаншама уақытымды жоғалтып аламын.

Осылайша көне мектеп мұғалімдерге де, оқушыларға да үлкен қолайсыздық тудырып келеді. 

Лаура Ыбраимова, № 9 орта мектеп директорының міндетін атқарушы:

- Кабинет аз, кабинет жетпейді, психолог пен бухгалтер бір кбинетте отырады. Биылғы жылы  оқу ісінің меңгерушісінің кабинетін мұғалімдер бөлмесіне бердік. Бес адам отырады бір кабинетте,оқу ісінің меңгерушісі, әлеуметтік педагог, инспектор.

Биыл тәуелісздік алғалы бері алғаш рет жаңа мектеп салынды. Қазір соңғы жабдықтары қойылып, бірер күнде  қолданысқа берілмек. Толықтай заманауи жабдықталған. Сапалы әрі жан жақты  білім алуға барлық мүмкіндік бар.

Жәнібек Жамантықов, мердігер компания өкілі:

- Мектеп құрылысы өткен жылы басталған болатын. Биыл жыл соңында аяқтау керек едік.Алайда балалар қуанып қалсын деген ниетпен осы қыркүейк айында қолданысқа бергелі отырмыз.

Қыста  тағы бір нысанның құрылысы басталады.  Оған кейін, біз айтқан ең көне 9-шы мектеп көшетін болады. Осылайша Риддер қаласы жыл санап білім беру саласындағы ғимарттарды толық жаңартуға ниетті.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов