Атыраулық шаруа алма шырынын шығаратын цех ашты

Шағын цех тәулігіне 2 тоннадай алманы өңдей алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Не ексең, соны орасың. Атыраулық бағбан биыл алма бағынан 650 тонна өнім жинады. Аумағы 150 гектар жерде жайқалған алқапта алма мен басқа да жүзім ағаштары жақсы өнім берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алма бағында 32 түрлі алма түрі өседі. Бұған дейін жинаған өнімін Ресейдің Волгаград облысына өткізіп келген еді. Енді мемлекеттің қолдауымен алма шырынын шығаратын шағын цех ашып, өнімді өзі өңдей бастады. Шағын цех тәулігіне 2 тоннадай алманы өңдей алады. Шаруашылықта 12 адам тұрақты еңбек етіп жүр. Жиын-терім кезінде алма жинауға «Сарайшық» ауылынан 50-ге тарта адам тартылған. Бүгінде алма шырындары қала базарлары мен сауда орталықтарында сатылып жатыр.

Владимир Розметов, шаруашылық жетекшісі:

«Сарайшық алмалары» деген шырын шығады. Қазір Атырауда сатып жатырмыз. Бөтелкеде, таза сок. Ештеңе қоспаймыз. Сок натуральный өнім. Болашақта жоспарымыз алма алқабын көбейту. Бізге көмек көп субсидия береді 450 мың теңге 1 гектарға Биыл өте жақсы көмектесті ЖЖМ қымбаттағалы бізге арзан бағамен беріп жатыр.