Өрттен зардап шеккендер уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі

Қостанай облысында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Қазір облыс әкімдігінің резервінде 820 млн теңге бар.

Бұл қаражат зардап шеккендерге қолғабыс етуге жұмсалады. Алдымен тұрғындардың уақытша баспанамен және азық-түлікпен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Өңір басшылығы әкімдіктен қосымша қаражат сұрайтынын мәлімдеді. Қазір зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылып жатыр.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі