Қостанай облысындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысындағы өртке байланысты Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол қылмыстық кодекстің бірден 3 бабы бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, "отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет", "ормандарды жою" және "абайсызда 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" дерегі бойынша тексеру басталды. Тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауына алынды.