Қостанай облысында бес аумақта өрт сөндіріліп жатыр

Қостанай облысында бес аумақта өрт сөндіріліп жатыр

Әулиекөл ауданында күннің ыстығы 31 градусқа дейін жетеді. Желдің жылдамдығы секундына 7 метрге соғып тұр.

Өртенген орман аумағы 43 мың гектардан асқан. Ал, орман шаруашылығының жалпы ауданы 107 мың 257 гектар. 5 аумақта өртке қарсы күрес жалғасуда. Атап айтсақ, Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдарының іргесінде орман алқаптарындағы от сөндіріліп жатыр. Кейінгі ақпарат бойынша 11 адамға иіс тиген. Кейбірін күйік шалған. Оның алтауы тұрғын. Біреуі орманшы. Тағы бірі әкімдік қызметкері. Ал үшеуі өрт сөндіруші. Бұған дейін бір адам опат болғанын хабарлаған едік.