Павлодардың жылу орталықтарында көмір қоры жеткілікті

Павлодардың жылу орталықтарында көмір қоры жеткілікті

Павлодарлық жылу электр станцияларында жылыту маусымына қажет көмір қоры жиналған.

Облыс орталығындағы қос жылу орталығында қатты отынның нормативті көлемі жасақталды. Сала мамандарының айтуынша, көмір көлемі екі айға жетеді. Биыл жылу тарату кәсіпорындарында жылыту науқанына дайындық жұмыстары әлдеқайда ерте басталды. Жөндеу жұмыстары барысында ескірген құрал-жабдықтар қалыпқа келтірілді. Мәселен, үшінші жылу орталығында жаңа түтін мұржасының құрылысы басталды. Оған екі қазандықты қосу жоспарда бар. Осы уақытқа дейін бұл мәселе шешімін таппай келген. Жалпы облыс орталығындағы 1300 көпқабатты үйдің басым бөлігі жылу жүйесіне қосылуға дайын.

Вадим Лесин, Энергия тарату компаниясы директорының міндетін атқарушы:

- Жылыту маусымын бастауға еш кедергі жоқ. Электр станциялары мен жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Көмір қоры ерте әзірленді. Облыс орталығын жылумен қамтитын кәсіпорындардың қоймаларына қатты отынның тиісті көлемі жеткізілді.