ШҚО-ның бірнеше ауданында өртпен күрес жүріп жатыр

Шығыста өрт күн санап өршіп барады. Қазір облыста мың гектардан астам алқап жанып жатыр. Оның барлығы дерлік қураған шөп басқан таулы аймақтарда. Бүгінгі күні Алтай, Қатон-қарағай, Күршім, Глубокое аудандарында қызыл жалынмен күрес жүріп жатыр.

- Сіз айтқан басқа үш аудандағы жағдай қалай? Білімумізше, бірнеше күн болды, өрт әлі ауыздықталмай жатыр...

Эльмира Ахметова, тілші:

- Қыркүйек қып қызыл жалынмен басталды шығыста. Төрт ауданда жалпы 1000 гектардан астам алқапты  өрт жайлап алды. Дәл қазір біз Глубокое ауданындғы Каменный карьер ауылы маңында тұрмыз. Бұл қаланың дәп іргесі деп айтуға әбден болады. Бұл жерде 35 гектар аумақты өрт шалған. Тау  баурайындағы жалынды өшіру өте қиын болып тұр. Өйткені жел екпіні де күшті әрі күн ыстық. Ең қиыны сол, бұл маңда саяжай мен жер үйлер өте көп орналасқан. Сондықтан жалынды өшіру оқшаулау өте маңызды. Қазір 400-ден астам адам өртті сөндіруге жұмылдырылды. 40-тан астам техника жүр. Сонымен қатар ұлттық ұланның жүздеген сарбаздары да өртті сөндіруге ат салысып жатыр. Енді өрт сөндіру қызметінің біріне әңгімеге тартып көрсек. 

- Өрт қаншалықты қауіпті жақындағы саяжайларға елді мекендерге? Тікұшақ қолданылды ма?

жадыра Аманғалиқызы, облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы: 

Эльмира  ал сіз айтқан басқа үш аудандағы жағдай қалай ,білімуізше бірнеше күн болып қалды әлі сөндірілмей жатыр. 

Эльмира Ахметова, тілші:

- Ол аудандарда да қазір нағыз қарбалас болып жатыр.

Қатон-Қарағайда Алтынбел ауылынан 8 шақырым жерде, "Большенарым орман шаруашылығы" мен НовоБерезовка орманшылық аумағында алдын ала болжам бойынша 40 гектар алаңда құрғақ шөп пен бұта жанып жатыр. Өртті сөндіруге құтқарушылар, орманшылар, полиция қызметкерлерінен 90-тан астам адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Алтай ауданында да құтқарушылар қызыл жалынмен күресті жалғастыруда. Ол жақта өрт аумағы кеше 400 гектар болса, бүгін 700 гектарға жетті. Тау ішінде болғандықтан, өрт ошағына арнайы техника жете алмайды. 320 адам мен 25 техника жұмылдырылған. Күршім ауданы да жалынмен күресуде. Онда Марқакөл орман шаруашылығы, сонымен қатар Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөп пен бұта, ағаш жанып жатыр. Өрт  аумағы - 300 гектар. Ең жақын ауыл Төсқайың оқиға орнынан 10 шақырым жерде орналасқан. Мамандар ол елді мекенге қауіп жоқ деп отыр. Өртті сөндіруге 270-тен астам адам, 34 техника жұмылдырылды. Жер бедерінің қиындығынан ол жерге жаяу немесе атпен ғана жетуге болады. Сондықтан қосымша МИ-2 тікұшақтары мен Еурокоптер қолданылуда. Қиын жағдайда  өртпен күресіп жатқан барлық азаматтарға жергілікті ауыл тұрғындары үлкен қолдау білдіріп жатыр. Олар ас су дайындап, тілсіз жау шебінде жүргендерге ыстық тамақ жеткізуде. Жалпы өңірде қызыл жалынның өршуіне ыстық ауа райы ықпал етіп тұр. Кешеден бері сынап бағанасы 30-37 градусқа дейін көтерілді.

Мінеки әзірге жағдай осылай болып тұр әріптестер, біз оқиғаны әрі қарай назарда ұстайтын боламыз.