Алматыда заңсыз казино ұйымдастырғандарға үкім шықты

Алматыда заңсыз казино ұйымдастырғандарға үкім шықты

Алматыда моншаның ішінде заңсыз казино ұйымдастырған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Көлеңкелі кәсіппен айналысқан 6 азамат "Покер" ойыны арқылы 20 млн теңгеден астам табыс тапқан. Жедел іздестіру кезінде казино ішінде ойыншылар мен мекеме қызметкерлері болды. Одан бөлек фишкалар мен өзге да атрибуттар табылды. Сонымен қатар ойынханада тек тексерілген клиенттерді ғана өткізу жүйесі орнатылғаны анықталды. Сот айыпталушыларды түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.