«Ақ жол» газетіне биыл бір ғасыр толды

Кеңестік заманнан бүгінге дейін елдің мүддесін күйттеп, халықтың мұңын жырлап жүрген «Ақ жол» газетіне биыл бір ғасыр толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерейтой қарсаңында басылымда еңбек еткен азаматтар мен қазақ журналистикасының майталмандары елордада бас қосты. Дөңгелек үстелде алдымен  басылым басшылығына Мемлекет басшысының құттықтау хаты табысталды, кейін тілшілер қауымы газеттің тарихы мен қазақ баспасөзінің бүгінгі жай-күйін талқылады. Жалпы, «Ақ Жол» газеті әуелі 1922 жылы "Кедей еркі" атымен шыға бастаған. Бүгінде 8 мыңнан аса таралымы бар басылым талай тұлғаны тәрбиелеп, көптеген түйіткілдің түйінін тарқатуға сеп болды.

Хамит Есаман, Жамбыл облыстық «Аq jol» газетінің бас редакторы:

- Бұл газетте Сыдық Арланов, Шайық Бектұров, Кемел Тоқаев, Ағынбай Бекбосын сияқты елімізге белгілі қаламгерлер қызмет атқарған. Енді «Ақ жол» газетінің 100 жылдығы Әулиеата мекенінде кеңінен атап өтілуде. Қазіргі таңда газетімізде оқырмандардың талап тілегі, көтерген мәселелері кеңінен талқыланады, кеңінен көтеріледі.