Елордаға Астана атауын қайтару ұсынысы Мемлекет басшысының тарапынан қолдау тапты

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің фейбук парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталмыш мәселені осыған дейін депутатар көтерген еді. Жаз айында халық қалаулылары ауыл-аймақ тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Белгілі болғандай, осы кездесулерде бас қаланың байырғы атауын қайтару мәселесі жиі көтерілген. Енді міне, араға уақыт салып, Қасым Жомарт Тоқаевтың келісімімен ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді. Алайда Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғанын тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс делінген парақшадағы хабарламада.