«Ұлы дала жорығы» бәйгесі қызды

«Ұлы дала жорығы» бәйгесі қызды

Бүгін марафонның алғашқы нәтижесі шықты. Әзірге көш басында маңғыстаулық шабандоздар келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 100 шақырымды 7 сағат 31 минутта шауып өткен. Батыс Қазақстаннның шабандоздары олардан сәл кейін, бар-жоғы бір минут кеш келді. Ал үштікті Шымкенттің шабандоздары қортындылап тұр. Бұл команда межеге 7 сағат 59 минутта жетті. Астана қаласы мен Алматы облысының аттары алғашқы күні-ақ жарыс жолынан шығып қалды. Сондай-ақ, Ақмола командасынан екі ат, Павлодар облысынан бір ат жолда қалды. Әу баста бір күндік меже 12 сағат деп белгіленген. Алайда шабандоздардың барлығы 100 шақырымға 10 сағатқа жеткізбей келді. Шабанжоздар жол-жөнекей ат ауыстырмас үшін арнайы чип орнатылған. Бүгін бәйгешілер шаңдатып Қарағанды облысының аумағына кірді.