Мемлекеттік наградалар табысталды

Әскери және қызметтік борышын атқару кезіндегі жанқиярлығы және төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысқан 20 адам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 48 азаматқа алғыс жариялады.