Павлодарда ХҚО штаттық режимде жұмыс істеп тұр 

Павлодар облысында кейінгі бірнеше күнде мемлекеттік шекараны 10 мыңдай Ресей азаматының кесіп өткені белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көші-қон қызметінің мәліметіне сүйенсек, бес мыңы Қазақстан арқылы басқа елдерге сапар шеккен. Қалған азаматтардың арасынан бүгінгі таңда мыңнан астамы жеке сәйкестендіру нөмірін алуға өтініш беріпті. Павлодардың халыққа қызмет өрсету орталығы Ресейден қоныс аударғандар үшін қосымша жеті жұмыс столын ашқан. Соған қарамастан орталық мамандары қызмет көрсетуде. Басымдық Қазақстан азаматтарына берілетінін атап өтті.

Арай Қамарова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Павлодар облысы  бойынша филиалы директорының орынбасары:

– Статистика бойынша қыркүйектің 21-нен 26-на дейін 931 өтініш келіп түсті. Кешеден бері біздің орталық 508 өтінішті қабылдады. Бүгін бұл көрсеткіштің төмендегені байқалды.